Әкімдер сайлауы

Қоғам болып қолдау көрсетейік

Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауыл әкімдерін сайлау туралы мәселе елең еткізерлік жаңалық болды. Бұлай болуының негізі де бар.
Ел басқару ісі қай заманда да оңай болған емес. Халықтың​ ​сұранысын, қажеттілігін өтеуде​ ауыл әкімдерінің​ де артар жүгі көп, жауапкершілігі ​ мол.

Биылғы болатын сайлау​ халықтың​ тікелей дауыс беруі арқылы​ болатындығы халықтың көңіліне сенім отын жақты. Өйткені халықтың өзі сайлаған басшы әркез сол халықтың көңілінен шығуға тырысады.

Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келді. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтамақ. Яғни, жергілікті тұрғындарды жақсы танитын және іскерлік қабілетін дәлелдеген басшыны сайлай алады. Яғни керек сәтінде қолдап, кез келген уақытта арыз шағымын айта алады.
Еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл бастама ​— алғыр, іскер, жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етіп, кадр саясатына тың серпін береді деген үміттеміз. Бұл маңызды іс-шараға қоғам болып қолдау көрсетуіміз керек.

 

Манас СИСЕНҚҰЛ,

зейнеткер.

Есет Көтібарұлы ауылдық округі,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button